• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №362 

246 рет
көрсетілді

2015 жылғы 5 маусым, Астана қаласы «Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесiн және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 және «Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтардың тізбесін және арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 153 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын: «Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесiн және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7674 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274 - 278 (27352) санында жарияланған)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесінде: «1. Білім» деген бөлім: мынадай жолмен толықтырылсын: « 5В010300 Педагогика және психология* 2-шығармашылық емтихан 1-шығармашылық емтихан »; «2. Гуманитарлық ғылымдар» деген бөлімде: « 5В020600 Дінтану Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 5В020600 Дінтану 2-шығармашылық емтихан 1-шығармашылық емтихан ». Мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «*өнер саласындағы жоғары оқу орындарының мамандығы»; 2. «Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтардың тізбесін және арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі ­ № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8479 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 207-208 (27481-27482) санында жарияланған)) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар тізбесінде: «Арнайы дайындықты талап ететін мамандықтар» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын: « Коды Мамандықтардың атаулары Арнайы дайындықты талап ететін мамандықтар 5В010300 Педагогика және психология* 5В010400 Бастапқы әскери дайындық 5В010800 Денешынықтыру және спорт 5В021500 Исламтану 5В020600 Дінтану »; Мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «*өнер саласындағы жоғары оқу орындарының мамандығы»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидаларының қосымшасында: «Арнайы дайындықты талап ететін мамандықтар» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын: « Коды Мамандықтардың атаулары Бірінші шығармашылық емтихан Екінші шығармашылық емтихан 1 2 3 4 Арнайы дайындықты талап ететін мамандықтар 5В010300 Педагогика және психология* Музыкалық аспапта жеке орындаушылық Музыкалық білім берудегі педагогика және психология бойынша сұрақтар – ауызша 5В010400 Бастапқы әскери дайындық Спорт түрлері бойынша нормативтер Спорт ойындары 5В010800 Денешынықтыру және спорт Мамандану бойынша нормативтер Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер 5В020600 Дінтану Кәсіпке жарамдығын анықтау үшін әңгімелесу Дін негіздері бойынша ауызша емтихан 5В021500 Исламтану Кәсіпке жарамдығын анықтау үшін әңгімелесу Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан »; Мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «*өнер саласындағы жоғары оқу орындарының мамандығы»; 3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.С. Ысмағұлова) заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ. –––––––––––––––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11423 болып енгізілді.